Хош иісті Іле наны еуропа «Дастарханында»

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қараша
Хош иісті Іле наны еуропа «Дастарханында»

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Ағымдағы жылдың 13 қараша күні Шыңжаңдағы Қорғас өткелінен 1 миллион Іле нан өнімі тиелген жүк көлігі Ресейге жөнелтілді. Шыңжаңның дәстүрлі тағамы, хош иісті нан өнімі Орталық Азия елдері ғана емес, Еуропа нарығына алғаш рет шығарылып отыр.

Нан өнеркәсібі 14-інші бесжылдық жоспар кезінде (2021-2025) Шыңжаңның дамытуға баса назар аударған «Он ірі өнеркәсіптің» бірі болып отыр. 2020 жылдың маусым айында Орталық Азия нарығына бет бұрған Іле Қазақ автономиялық обылысының Қорғас Нан индустриалды паркі ресми түрде ашылды. Бұл Іле обылысы жергілікті халықтың бай нан өнімдері ресурстарына және өткелдегі трансшекаралық сауданың артықшылықтарына сүйене отырып, жергілікті экономиканы дамытуға жәрдемдесуде маңызды шара болып табылады.

Шыңжаңның Іле қазақ автономиялық обылысының Нан индустриялық паркінің басшысы Лю Цзяньлиньнің айтуынша, жергілікті нан өнеркәсібінің ауқымы тәулігіне 3,1 миллион нан шығаруға жеткен. Іле нанының жоғары сапасы, тұтынушылар арасындағы беделі, сонымен бірге қышқыл және тәтті дәмдерін мақсатты түрде зерттеп, әзірлеуі көрші елдердің сауда кәсібіндегілерге қатты ұнайды.

Өткен бір аптада ғана Қорғас Нан индустриялық паркі Орталық Азия мен Еуропаға 5,7 миллион арнайы нан өнімдерін экспорттады. Қорғас экономикалық даму аймағын басқару комитеті директорының орынбасары Чжан Юннин бұл парк пен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы салалық өнеркәсіп-зерттеу ынтымақтастығына, дәстүрлі нан пісіру мен нан пісіру шеберлігін органикалық түрде үйлестіруге пайдасын тигізіп, әртүрлі хош иісті Іле Нан өнімдерінің 70-тен астам түрі әзірленгенін айтты. Бұл Нан өнімдерінің шетелдік тұтынушыларға бейімделуін және өнімінің өзіндік құнын жақсартты, Сонымен бірге жетекші сыртқы сауда компанияларын экспорттық нан өнімдерін зерттеуге және әзірлеуге қатысуға, инновациялық ынтымақтастық үлгілерін енгізу арқылы Іле Нан өнеркәсібінің қарқынды дамуына қол жеткізілді.

Мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың басынан бері Іле Нан өнімдерінің жиынтық сату кірісі 717 миллион юаньға жетіп, бүкіл өнеркәсіп тізбегі 15 мыңнан астам адамды жұмыстандырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото