Қарлы елдің табиғатын тамашалағыңыз келсе қыста Қанасқа барыңыз

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 қараша
Қарлы елдің табиғатын тамашалағыңыз келсе қыста Қанасқа барыңыз

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қанас көлі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Алтай аймағы Буыршын ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан. Көлдің теңіз деңгейінен биіктігі 1374 метр, ауданы 45,73㎞²ді құрайды. «Қанас»- моңғол тілінде «әдемі, тылсым көл» дегенді білдіреді.

Қанасқа барған көптеген туристер қыста бұл өлке адамдарға шетелге шықпай-ақ Солтүстік Еуропамен салыстыруға болатын қарлы елдің пейзажын тамашалауға мүмкіндік береді дейді. Табаныңызда қар сықырлап, төбеңізде қар жапалақтап, ағаштардағы мұздар мөлдіреп, көлдегі бұлттар жөңкіліп жатқанда алдыңыздағы ақ күміспен көмкерілген көрініске қарап таң тамаша боласыз. Алыстағы қарлы таулар керемет көркем, ал түнгі жұлдызды аспанды суреттеуге тіл жетпейді. Қардан кейінгі Қанас тыныштық пен пәктік құшағында мүлгіп, көрген жанды өзіне баурап алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото