Конькимен жүгіруден әлем кубогы ерлер арасындағы командалық сайысында Қытай чемпион атанды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 қараша
Конькимен жүгіруден әлем кубогы ерлер арасындағы командалық сайысында Қытай чемпион атанды

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақыты бойынша 21 қарашада Норвегиядағы ISU конькимен жүгіруден әлем кубогының Ставангер станциясында жарыстың екінші күні аяқталды. Ерлер арасындағы командалық жүгіру жарысында Ван Хаотянь, Лиан Цзивэнь, Нин Чжунъяньнан құралған Қытай құрамасы чемпион атанды. Екінші және үшінші орындарды Норвегия мен Польша бөлісті.

Әйелдердің командалық жүгіру жарысында Цзинь Цзинчжу, Ли Циши, Чжан Линадан құралған Қытай құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Польша құрамасы чемпиондықты, Канада құрамасы екінші орынды иеленді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото