Шыңжаңшың Мұңғүлкүре ауданындағы малшылардың қысқы отарға көші-қоны басталды (7)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қараша
Шыңжаңшың Мұңғүлкүре ауданындағы малшылардың қысқы отарға көші-қоны басталды

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Ауа райы суыта бастаған соң Шыңжаңның Мұңғұлкүре ауданындағы малшылар 180 мың тұяқтан астам малын қысқы отарға көшіре бастады. Малшылар Үйсін тауындағы көктемгі және күзгі жайылымдардан Ақаяз аңғарындағы қыстауларға малдарын айдады. Бұл жерде қар жұқа, мал жақсы жайылып, қыстан жайлы өтеді. Бұрын малшылар дүние-мүлкін атқа артып алып жүретін. Қазіргі кезде тұрмыстық жағдай жақсарған соң, малшылар үйлеріндегі жиһаз-жабдықтарды алдын ала көлік жалдап жеткізіп алады. Көшіп-қону кезінде тек азық-түлік пен киіз үйлерді дайындап, жеңіл-желпі жолға шығады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото