Шырша арасындағы Тяншань бұғылары

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 қараша
Шырша арасындағы Тяншань бұғылары

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын Шыңжаңның Санжы қаласының оңтүстік таулы аймағындағы Жанбұлақ жайлауына қар жауды. Қалың қар басқан Тяньшань тауларын бұлт пен тұман құрсаулады. Тяньшаньдағы жабайы қызыл бұғылар тобымен 10 000 му шыршаның ішінде жайылып жүрген сәті ертегідей көрініс береді. Тяньшань бұғылары мен жергілікті малшылардың жылқы, сиыр сынды ірі қара малдары бір өрісті бөлісуде.

Жабайы Тяньшань бұғысы ұлттық екінші дәрежелі қорғауға алынған жануар екені белгілі. Соңғы жылдары Санжы қаласы экологияны қорғауды күшейтіп, адамдар да табиғатпен үйлесімді өмір сүруде. Осының әсерінен Тяньшань бұғысы, қабан, аю, қасқыр сияқты жабайы аңдар жайлауда көзге жиі шалынатын болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото