Құстардың «пандасы» - Қытай мергансерін қорғайық (2)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 қараша
Құстардың «пандасы» - Қытай мергансерін қорғайық

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Цзилинь өлкесінің(еліміздің солтүстік шығысында) орман шаруашылығы және шабындық бюросынан алған мәліметінше: Цзилинь өлкесі қытай мергансерін өлкедегі жабайы хайуанаттарды қорғаудың негізгі түрі ретінде таңдап алды. 2030 жылдың соңына қарай Цзилинь өлкесіндегі қытай мергансері таралу аймағының тіршілік ортасы айтарлықтай жақсаратын болады деп жоспарлап отыр.

Қытай мергансері - ұлттық бірінші деңгейде қорғалатын жабайы жануар және Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағының жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар тізіміне енгізілген. Ол 10 миллион жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келеді және «судағы тірі қазба, құстардың ішіндегі панда» деген атпен танымал.

Дүние жүзіндегі Қытай мергансерінің қазіргі саны 2000 жұпқа жетпейді екен. Еліміздегі көбейетін Қытай мергансерінің саны шамамен 160 жұп, ал осының 145 жұбы Цзилинь өлкесінде тіршілік етіп, ұлттық асыл тұқымды популяцияның 90% -дан астамын құрайды.

Биоәртүрліліктің флагмандық түрі және аймақтық экологиялық ортаның көрсеткіші ретінде қытай мергансері тіршілік ету ортасына өте талапшыл. Ол таза суы бар, ұя салатын жерлері мол, азық-түлік қоры жеткілікті және адамдар аз мазалайтын ортада мекендеп, көбейгенді ұнатады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото