Бейжің қысқы Олимпиадасының Чжанцзякоу жарыс аймағындағы алғашқы халықаралық сынақ матчына дайындық (6)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 қараша
Бейжің қысқы Олимпиадасының Чжанцзякоу жарыс аймағындағы алғашқы халықаралық сынақ  матчына дайындық

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қарашада Чжанцзякоу Юндин шаңғы саябағында 2021-2022 Халықаралық сноуборд пен фристайлдың шаңғы кедергілерінен өту сайысы бойынша әлем кубогы екі күндік оқу-жаттығу шарасын өткізді. Спортшыларды 25 және 26 қарашада алдын ала матчтар, 27 және 28 қарашада финалдық кездесулер күтіп тұр.

Қарашадан желтоқсанға дейін 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы «Бейжіңде кездесу» сынақ іс-шараларының сериясы бойынша Чжанцзякоу жарыс алаңында 4 сынақ шарасы өтеді. Атап айтқанда: 2021-2022 жж. халықаралық сноуборд пен фристайл шаңғымен кедергілерден өту сайысы бойынша әлем кубогы, 2021 – 2022 жж. FIS Nordic құрлықаралық кубок, 2021-2022 жж. FIS шаңғымен секіру бойынша құрлықаралық кубок және биатлон бойынша халықаралық жаттығу апталығы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото