Зағип музыканттар тобының әуені түнді нұрландырды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 қараша
Зағип музыканттар тобының әуені түнді нұрландырды
Олар түнде қаланың кез келген бұрышында топтасып, сүйікті аспаптарын асынып, музыка әлеміне аттанады.

30 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Гуйян(еліміздің оңтүстік батысында)қаласында 4 адамнан тұратын зағип музыканттар тобы бар. Топтың құрамындағы әнші Ян Чжи мен флейташы Ян Линнің көру қабілеті нашар. Олар күндіз өз жұмыстарымен айналысып, кейбірі массаж жасап, кейбірі тамақ жеткізсе, ал түнде топтасып, сүйікті аспаптарын асынып, музыка әлеміне аттанады.

2018 жылдың басында құрылғаннан бері топ көптеген қиындықтарға кездесті. Мүгедектер үшін арман қуу - бейне түрлі-түсті дүние іспетті. Әртүрлі себептерге байланысты топ мүшелері, дайындық уақыты мен орны тұрақсыз болды. Бірақ Ян Чжи, Ян Лин және бассист Пэн Ваньхай осы уақытқа дейін табандылық танытып келеді. Олар өз дауыстарын көп адамға естіртсек деген үмітпен альбомдар шығарып, концерттер өткізуді армандайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото