- Барлық ақпарат
Хулунбуирдағы «қатпайтын өзен»: 40 градустан төмен болғанда да сылдырай ағып жатады (2)
1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғолдың Хулунбуир қаласында қыста ауа температурасы минус 40 градусқа дейін төмендеп, жер әлемді мұз құрсанады. Алайда осы өңірден осындай өте суық ауа райында да сылдырап ағып жатқан өзенді, өзен бетіндегі буды және су бетіндегі құстарды көруге болады. Адамдар оны «қатпайтын өзен» деп атайды. Хулунбуирдан осындай қатпайтын өзендерді көп кездестіруге болады. Олар осы ерекшелігімен жер-жерден келген туристер мен фотографтардың сүйікті аймағына айналды.
Мәліметтерге сәйкес, өзенге жақын жерде геотермальді аймақ көп мөлшерде болғандықтан, «қатпайтын өзен» қалыптасып отыр екен. Геотермальді аймақ жер асты жылуы төмен температуралы ортада да өзенді суытпай сол қалпында сақтай алады. Сондықтан қыс күндерінде бұл араның температурасы минус 40 градус болса да, өзенге мұз қатпай, аға береді.
people.cn © People's Daily Online