Қытайдағы бірінші теңіз аралық жүрдек теміржол көпірі толығымен аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 1 желтоқсан
Қытайдағы бірінші теңіз аралық жүрдек теміржол көпірі толығымен аяқталды

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қараша күні таңертең Қытайдағы бірінші теңіз үстіндегі жүрдек темір жол көпірі - Фучжоу-Сямэнь жылдам жүретін теміржолдың Цюаньчжоу шығанағы теңіз көпірі сәтті аяқталды. Фучжоу-Сямэнь жоғары жылдамдықты теміржол желісінің негізгі жобасы саналатын Цюаньчжоу шығанағы көпірінің жалпы ұзындығы 20,287 шақырымды, ал теңіз үстіндегі көпірдің ұзындығы 8,96 шақырымды құрайды.

Цюаньчжоу шығанағындағы теңіз көпірінің аяқталуымен Қытайдағы бірінші теңіз үсті жоғары жылдамдықты теміржол Фучжоу-Сямэнь жүрдек теміржолының құрылысы соңғы спринт кезеңіне енді. Фучжоу-Сямэнь жоғары жылдамдықты теміржол құрылысы толық аяқтап, қолданысқа берілгеннен кейін Фучжоу мен Сямэнь арасы «бір сағаттық» жолға айналады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото