Ұлы Қытай қорғанын күзететін қайратты жандар (3)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 желтоқсан
Ұлы Қытай қорғанын күзететін қайратты жандар

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлы Қытай қорғанының екі мың жылдан астам тарихы бар. Солтүстік Қытайдың ұлан-ғайыр жерінде алып айдаһардай шұбатылып жатқан қырық мың мильге созылатын Қытай қорғаны - Қытай ұлтының маңызды рәміздерінің бірі. 2006 жылдың 1 желтоқсанында «Ұлы Қытай қорғанын қорғау туралы ереже» күшіне еніп, Ұлы Қытай қорғанын қорғаушылар жүйесін құру нақты ұсынылды. Қазіргі уақытта Ұлы Қытай қорғанының бойында 6000-нан астам қорғаушылар бар.

Хэбэй өлкесі елдегі Ұлы Қытай қорғанын қорғау жүйесіне мұрындық болды. Қорғаушылардың көпшілігі қарапайым диқандар, олардың арасында 30-дағы орда бұзар азаматтар да, алпысты алқымдаған қарттар да бар. Ұлы Қытай қорғанын қорғаудың алдыңғы шебіндегілер көне өркениеттің жәдігерін күзетуде бар қажыр-қайратын жұмсап келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото