Қытай ғарыш станциясының алғашқы ғарыштық сабағы ресми түрде басталды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 желтоқсан
Қытай ғарыш станциясының алғашқы ғарыштық сабағы ресми түрде басталды

10 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ғарыштық инженерлік кеңсесінің мәліметі бойынша, 9 желтоқсан күні сағат 15:40-та «ғарыш сыныбының» бірінші сабағы өтті. Бұл араға 8 жыл салып Қытайлық ғарышкерлердің ғарышта тағы да сабақ беруі еді.

«Ғарыштағы мұғалімдер» Чжай Чжиган, Ван Япин және Е Гуанфу Қытай ғарыш станциясында жастарға ғарыш ғылымы бойынша тамаша сабақтар берді. Бұл Қытай ғарыш станциясындағы алғашқы ғарыштық сабақ іс-шарасы болып табылады.

60 минуттық дәріс кезінде «Шэньчжоу-13» экипажы ғарышкерлері Чжай Чжиган, Ван Япин және Е Гуанфу ғарыш станциясындағы жұмыс және тұрмыстарын таныстырды, микрогравитациялық ортадағы клеткалық тәжірибелер, адам қозғалысы және сұйық бетінің керілуі сияқты сиқырлы құбылыстарды көрсетті. Сонымен қатар тәжірибелердің ғылыми теорияларын түсіндірді. Дәріс барысында ғарышкерлер бейнебаян арқылы жердегі сынып бөлмесіндегі мұғалімдер және оқушылармен нақты уақыт режимінде өзара пікір алмастырды.

Ғарыштық оқыту іс-әрекетінің бүкіл барысы тікелей эфирде көрсетілді. Негізгі жердегі сынып Қытайдың ғылым және технология мұражайында, ал 4 бөлімше сыныптары Гуансидің Наньнин, Сычуаньның Вэньчуань, Сянган, Аомэньда болды. Бастауыш және орта мектеп оқушылары өкілінен жалпы 1420 оқушы іс-шараларға нақтылы барып қатысты. Алдағы уақытта «ғарыш сыныбы» ғарышта оқыту қызметін жалғастырып, ғарышқа адам алып ұшу туралы білім мен мәдениетті бөлісіп, формасы алуан түрлі, мазмұны бай ғарыштық білім беруді жалғастырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото