Бейжіңде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме өтіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 желтоқсан
Бейжіңде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме өтіп жатыр
ҚР-ның ҚХР-дағы уақытша сенімді өкілі Мұрат Мұқышев сөз кезегінде.(Суретті онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Ян Цянь түсірген)

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 14 желтоқсан күні Бейжіңде Қытайдың халықаралық жастар алмасу орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қытайдың үкімет ұйымдары, академиялық топтары, ғылыми-зерттеу құрылымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР-ның ҚХР-дағы уақытша сенімді өкілі Мұрат Мұқышев өз сөзінде 30 жылдықтағы мағыналы фотосуреттер Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы тарихын, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи рөлін, Президент Қ.К.Тоқаевтың жүзеге асырған ағымдағы реформаларын, Қазақстанның халықаралық проблемаларды, оның ішінде орнықты даму, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қауіпсіздікті нығайту салаларындағы үлесін көрсететінін атап өтті.

Қытай халықаралық жастар алмасу орталығы төрағасының орынбасары Чжан Хуа фотокөрме Қытай көрермендерінің ерекше қызығушылығын тудыратынын баса айтты. Өйткені ұсынылған фотосуреттер Қытайдың жақсы досы әрі тату көршісі - Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын аса шынайы көрсетеді деді.

Фотосуреттер көрермендердің табиғи эмоцияларын тудырады. Олар серпінді өзгерістерді бастан кешіріп жатқан Қазақстанның өміріндегі маңызды тарихи сәттердің нақты бейнесін ашып берді.

Фотокөрме 2021 жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото