Чжанцзякоу қысқы Олимпиада қалашығы неліктен «аулалардан» тұрады?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 желтоқсан
Чжанцзякоу қысқы Олимпиада қалашығы неліктен «аулалардан» тұрады?
2

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Чжанцзякоу қысқы Олимпиада қалашығы Чжанцзякоу қаласы, Чунли аумағы, Тайзичэннің мұзды-қарлы қалашығында, Тайзичэн жоғары жылдамдықты теміржол вокзалынан 0,5 шақырым жерде орналасқан. Қысқы Олимпиада қалашығында тоғыз ауладан және бір ғимараттан тұратын 31 құрылыс бар. Әр аула 3-тен 4-ке дейінгі шағын ғимараттармен қоршалған.

Цинхуа университетінің сәулеттік жобалау және ғылыми-зерттеу институтының сәулетшісі Ван Хаоның айтуынша, Чжанцзякоу қысқы олимпиадалық қалашық Қытай тұрғын үйлерінің, әсіресе солтүстік таулардағы мекен-жайлардың ерекшеліктерін көрсету үшін ойластырылған.

Аула – солтүстік Қытайдағы тұрғын үйлердің кең таралған түрі. Бейжің қаласындағы төртбұрышты (Сихэюань) аулалардан бастап, ауылдық жерлердегі қарапайым тұрғындардың аулаларына дейін адамдардың өмір сүру кеңістігінің маңызды бөлігі болып табылады.

Жоғарыда аталған концепцияларды ұстана отырып, дизайнер Чжанцзякоу қысқы Олимпиада қалашығын безендіруге «ауланың» бірегей элементін енгізді.

Сонымен қатар дизайнер Қысқы Олимпиада қалашығының әр ауласына қазіргі олимпиадалық қозғалыстың негізін қалаушы Пьер де Кубертеннің «Спортқа ода» туындысы бойынша әділдік, батылдық, ар-намыс, бақыт, теңдік сияқты тақырыптарды берген. Әр ауладағы өсімдіктер мен мүсіндер де шығарма идеясына негізделген абстракт (дерексіз) өрнектер. Чжанцзякоу қысқы Олимпиада қалашығының әрбір ауласынан көпшілік Олимпиада мәдениетін терең сезіне алады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото