Чунциндегі екі жұп егіз пандаға ресми түрде есім берілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 желтоқсан
Чунциндегі екі жұп егіз пандаға ресми түрде есім берілді

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 желтоқсанда Чунцин хайуанаттар бағында алып панда «Хэу цидің» егіз балаларының 100 күнге толу мерекесі мен ат қою шарасы тағы бір алып панда «Манцзайдің» егізінің ат қою рәсімімен бірге аталып өтті.

2021 жылдың 10 маусымында Чунцин хайуанаттар бағындағы алып панда «Манцзай» егіз тапқан еді. Әр тараптың ақылдасуынан кейін егіз пандаларға Синсин (ағасы) және Ченчень (інісі) деген есімдер қойылды.

Олардың атын Гуансиде оқып жатқан Ляо Цюци қойды. Оның айтуынша, «Жұлдыз» (Синчень) деген атты «біздің сапарымыз - жұлдыздар теңізі» деген сөз тіркесінен шабыт алып қойған. Бұл есімді қоюымыз пандаларға деген тамаша тілегіміз бен барлық ғарыш қызметкерлеріне деген құрметімізді білдіреді.

Дәл сол күні Чунцин хайуанаттар бағындағы «Хэу цидің» босанған егіз балаларына да ат қойылды.

2021 жылдың 13 қыркүйегінде алып панда «Хэу ци» егіз бір ер, бір ұрғашы панда туған болатын. Қызметкерлердің мұқият қамқорлығының арқасында екі панда аман-есен өсіп келеді. 21 желтоқсан күні ол екеуінің дүниеге келгеніне 100 күн толды. Чунцин хайуанаттар бағында оларға арнап мерекелік іс-шара өткізіліп, егіздердің әпкесіне Ци жін, інісіне Ци бау деп ат қойғаны жарияланды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото