Елімізде динозавр жұмыртқасының қалдықтарынан эмбрион табылды (5)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 желтоқсан
Елімізде динозавр жұмыртқасының қалдықтарынан эмбрион табылды

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 желтоқсан күні Фуцзянь ғылым және технология мұражайында динозавр жұмыртқасының қалдықтарында толық сақталған эмбрион жұртбен жүздесті. Динозавр эмбрион қазбасының 72 миллионнан 66 миллион жылға созылған тарихы бар. Бұл осы уақытқа дейінгі ғылыми жазбалардағы толық сақталған динозавр эмбрион қалдықтарының бірі болып табылады. Оның табылуы динозавр эмбриондары мен қазіргі құстар арасындағы тығыз байланысты ашып берді. Тиісті зерттеу нәтижелері «Пәнаралық ғылым» халықаралық академиялық журналында жарияланды.

Зерттеушілердің пікірінше, әлі өмірге келмеген кішкентай динозавр жұмыртқада жатқан құсқа ұқсайды. Бұл бүгінгі құстардың көптеген белгілері динозаврдың тегінде болғандығын тағы бір рет дәлелдеді.

Қазба Цзянси өлкесінің Ганьчжоу қаласындағы соңғы бор жер қабаттарынан табылды және қазіргі уақытта Фуцзянь өлкесіндегі Инлян тас материалдар табиғи-тарихи мұражайында сақтаулы тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото