Бұлт теңізіндегі фотоэлектр стансасы (5)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 желтоқсан
Бұлт теңізіндегі фотоэлектр стансасы

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Чунцин қаласының Цяньцзян аумағындағы Кирин Гай тауында орнатылған 300 000-нан астам фотоэлектрлік панельдердің бұлт жастанып жатқан көрінісі тау сілемдері, фермалар және атыздармен бірігіп тамаша көркем картинаға айналды.

Мәліметтерге сәйкес, Цяньцзян аумағы «фотоэлектрлік атызы» таудағы күн нұрын толық пайдаланып, энергиямен қамтамасыз ету құрылымын оңтайландырып, экологиялық таза энергия жасады. Нысан құрылысы 2017 жылы инвестиция тарту арқылы аяқталып, электр желісіне қосылған. Оның жылдық орташа электр өндіру қуаты шамамен 100 миллион квт/сағ. Аумақтың электр стансасы теңіз деңгейінен 1500 метр биік Кирин Гай тауында орналасқандықтан, оны «бұлттағы фотоэлектр» деп атайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото