Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының спорт белгішелері: мөр оюы мен қытайша әріптер біріктірілген

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 27 желтоқсан
Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының спорт белгішелері: мөр оюы мен қытайша әріптер біріктірілген

27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Спорт белгішелері Олимпиада ойындарының стандартты ерекшелігі және спорттық оқиғалардың графикалық түсіндірмесі болып табылады. Олар жарыс көріністерінде, индикаторлық жүйелерде, билеттерде, теледидар хабарларында, жаңалықтарды таратуда, нарықты дамытуда және басқа көптеген салаларда кеңінен қолданылады. 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының спорт белгішелері қытай мәдениетінің қуаты мен сұлулығын көрсету үшін мөр оюы мен қытайша әріптер біріктірілген.

Бейжің Қысқы Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарына арналған 30 спорт белгішелері шығарылды. Оның ішінде Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына арнап 24 дана, ал Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиада ойындарына арнап 6 дана дайындалды.

Дизайн командасы қытай жазуын шабыт көзі ретінде қолданды және қысқы спорт элементтерін дәстүрлі қытай мәдениетімен үйлестіре отырып, мөр оюы өнерін негізгі таныстыру формасы ретінде пайдаланды. Оның каллиграфиядан айырмашылығы мөрдің оюы аса қанық. Ол қар-мұз спортының қуатын айқын бере алады.

Бұл қысқы Олимпиада ойындарының тарихында тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінің әсерлі сәтін әйгілеу үшін динамикалық спорт белгішелерін пайдалану болып табылады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото