Шаған көлінде бір балық 3 миллион юаньға сатылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 желтоқсан
Шаған көлінде бір балық 3 миллион юаньға сатылды

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Шаған көлі Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь өлкесінің Сонюань қаласындағы Цянгоэрлуоси Моңғол автономиялық ауданында орналасқан. Ол жердің балық ресурстары бай, тіпті «Солтүстік Қытайдағы соңғы балық аулау және аңшылық тайпасы» деген атағы бар. Жыл сайын желтоқсан айының соңында Шаған көлінің бетіне мұз қатқанда балықшылар мұз бетінен жүздеген ойықтар жасап, ине сабақтағандай неше мың метр ұзындықтағы балық ауларын осы ойықтардан өткізіп алады. Соңында атпен балық ауларын тартып шығарады. Шаған көлінің қысқы балық аулаған көрінісі Қытайдың ұлттық материалдық емес мәдени мұрасына енген болатын.

Еске сала кетсек, 28 желтоқсанда Қытайдың Шаған көлінде 20-шы балық аулау және аңшылық мәдени туризм фестивалі ашылды. Сол күні Шаған көлінде өткен «бас балық» аукционында «бас балық» 2999999 юаньға сатылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото