Еліміздегі алғашқы кәсіби жүк әуежайы салынып болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 31 желтоқсан
Еліміздегі алғашқы кәсіби жүк әуежайы салынып болды

31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 29 желтоқсанда Cessna 560 сынақ ұшағы Хубэйдің Эчжоу қаласындағы Хуаху әуежайында көтеріліп, қонды. Бұл Қытайдағы алғашқы кәсіби жүк әуежайының аяқталып, тексеру рейстерінің басталғанының, әуежайдың келесі жылғы жоспарының іске асуына алғышарт жасалғанының белгісі.

Қытайдағы алғашқы кәсіби жүк әуежайы ретінде қызмет көрсететін Эчжоу Хуаху әуежайында 23 000 шаршы метрді құрайтын әуе жүк терминалы, 678 000 шаршы метр сұрыптау орталығы, 124 ұшақ орны және ұзындығы 3 600 метр, ені 45 метрді құрайтын екі ұшу-қону жолағы бар. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото