68 бұрылысы бар 6,3 шақырымдық тасжол (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қаңтар
68 бұрылысы бар 6,3 шақырымдық тасжол

10 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қаңтарда Көлік министрлігі 2021 жылғы «ең көрікті он ауыл жолы» үміткерлерінің тізімін жариялады. Тізімге Юньнань өлкесіндегі 68 бұрылысы бар жол кірген болатын.

Бұрылысы бар тасжол — Юньнань өлкесі Куньмин қаласындағы бір бұралаң тау жолы. Бұл жол 1995 жылы салынған. Құрылыстың басында жол құрылысына кететін шығынды үнемдеу мақсатында жол түзу емес, қайта тауға өрмелетіп салынған еді. Небары 6,3 шақырымдық тау жолында 68 тұмсықты жер бар, яғни орташа 100 метр жерде бір бұрылып отырады. Төбеден 68 бұрылысы бар тау жолына көз тастасақ ол бейне асқар тауға оралып жатқан алып айдаһарға ұқсайды.

Бүгінгі таңда 68 ирегі бар тау жолы жергілікті жұртшылықтың тауға өрмелеуге, жаяу серуендеуге және велосипедпен жүруге арналған тамаша демалыс орнына айналды. Тау жолы әдемі көрінісімен саяхатшылар мен фотограф әуесқойларын өзіне баурауда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото