Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының бас медиа орталығы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 қаңтар
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының бас медиа орталығы

11 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылғы Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада және Қысқы Паралимпиада ойындарының бас медиа орталығы ресми түрде жарыс кезінде жабық басқаруға кірісті. 4-22 қаңтар аралығындағы сынақ кезінде әлемнің көптеген елдерінен келген 1700-ден астам БАҚ қызметкерлері жарыс алдындағы дайындық қызметтерін бастайды. Жарыс кезінде өткізілетін орын күніне орта есеппен 5000-6000-ға жуық тіркелген журналистерді, фототілшілерді және хабар таратуға құқығы барларды қабылдайды деп күтілуде. Сонымен бірге бұл арада Халықаралық Олимпиада комитеті мен Халықаралық Паралимпиада комитетінің БАҚ жұмысы мен баспасөз тарату штабы да құрылған.

Бас медиа орталығы Ұлттық конгресс орталығының екінші кезеңінде орналасқан, ол Ұлттық конгресс орталығының бірінші кезеңімен (бұрынғы Бейжіңдегі 2008 жылғы жазғы Олимпиаданың басты баспасөз орталығы және халықаралық хабар тарату орталығы) арасын бір көше ғана бөліп жатыр. Сөйтіп ол «Өңтүстікте жазғы, солтүстікте қысқы Олимпиада» өтетін «Қос Олимпиада қаласы» Бейжіңнің тамаша көрінісіне айналды.

Бас медиа орталығы басты баспасөз орталығы MPC және Халықаралық хабар тарату орталығы IBC сынды екі үлкен функцияға ие. Ол тіркелген баспа БАҚ және хабар таратушыларға арналған жарыс кезіндегі штаб болып табылады. Бұл Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және әртүрлі елдердің (аймақтардың) Олимпиада комитеттерінің ресми хабарларын тарату орталығы және БАҚ-қа қызмет көрсету орталығы мен БАҚ тасымалдаудың өзегі болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото