Бейжіңдегі ең үлкен табиғи мұз айдыны ашылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қаңтар
Бейжіңдегі ең үлкен табиғи мұз айдыны ашылды

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қаңтарда Бейжіңдегі ең үлкен табиғи мұз айдыны болып табылатын Жазғы сарайдағы мұз айдыны ашылды. Биылғы жылы Жазғы сарай мұз айдынының жалпы ауданы шамамен 300 000 шаршы метрді құрайды және 2022 жылдың 10 қаңтарынан 2022 жылдың 4 ақпанына дейін ашылады деп күтілуде.

Мәліметтерге сәйкес, Биылғы Жазғы сарай мұз айдыны жобасы екі үлкен аймаққа бөлінген. Олар:мұз көлігі алаңы және электрлік ойын-сауық аймағы.

Мұз айдынында жалғыз адамдық мұз көлігі, қос адамдық мұз көлігі, мұз велосипеді, электр ит шанасы, электр аттракциондық машиналар, конькимен сырғанау және басқа да ойын түрлері бар.

Цин әулеті кезінде салынған Жазғы сарай Қытайдағы әйгілі императорлық бақтардың бірі болып табылады. Мұз айдыны алаңы саябақтағы павильондармен қоршалған. Сондықтан саяхатшылар мұзда сырғанап қана қоймай, және де бақшаның тамаша көркінен көз айдым бола алады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото