- Барлық ақпарат
«Мұз қаласы» Харбин қысқы Олимпиада элементтерімен сәнденді (4)
![]() |
5 |
12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Харбин Қытайдағы ең солтүстік өлкенің орталық қаласы болып табылады, қысы суық болғандықтан «Мұз қаласы» деп аталады. Мұндағы мұз шамдары мен қардан жасалған мүсіндер әлемге әйгілі, мұз және қар туризмі әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартады. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары жақындаған сайын, қар мен мұз қаласы Харбиннің әр тұсында қысқы Олимпиаданың жаңа элементтері бой көрсете бастады. Қаладағы көптеген мұз бен қар көріністері Қысқы Олимпиада ойындарын тақырып еткен. Ондаған метр қардан жасалған Бейжің қысқы Олимпиадасының бойтұмары, мұздан жасалған алып бес сақина... сияқты Қысқы Олимпиада тақырыбына арналған қар-мұз мүсіндері мен картиналар көрген жанға Харбиннің Қысқы Олимпиядаға деген тілегі мен үмітін сезіндіреді.
people.cn © People's Daily Online