Тарихтағы тұңғыш! БҰҰ 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына арналған маркаларды шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қаңтар
Тарихтағы тұңғыш! БҰҰ 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына арналған маркаларды шығарды

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Пошта басқармасы осыдан бірнеше күн бұрын Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылуын атап өту үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы «спорт бейбітшілікке шақырады» деген тақырыппен марка шығаратынын хабарлады. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының қысқы Олимпиада ойындарына арналған маркаларды тұңғыш шығаруы еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Пошта әкімшілігі бұл жолы шығарылған маркалардың номиналы 0,58 АҚШ доллары, 1,30 АҚШ доллары, 1,10 швейцариялық франк, 2,00 швейцариялық франк, 0,85 және 1,80 еуроны құрайтынын жариялады. Оларда шайбалы хоккейшілер, сноубордшылар, мәнерлеп сырғанаушылар, бопслей спортшылары, керлинг және тау шаңғышыларының суреттері бейнеленген. Маркаларды қытайлық иллюстратор Руань Фэйфэй салған деп хабарланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Пошта қызметі «спорт бейбітшілікке шақырады» маркаларын агенттік веб-сайты арқылы немесе Нью-Йорк, Женева және Венадағы арнайы дүкендерден сатып алуға болатындығын мәлімдеді. Кәдімгі маркалар сияқты, «спорт бейбітшілікке шақырады» маркаларын әртүрлі хаттарды жіберу үшін пайдалануға болады.

Сурет дерегі: Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми Weibo-сы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото