- Барлық ақпарат
2022 көктем мерекесі тасымалы басталды
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 қаңтар
18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қаңтар күні таңертең Бейжіңнен шығатын алғашқы G6737 пойызы Бейжің Батыс теміржол вокзалына келді. Стюардессалар, вокзал еріктілері және жолаушылар перронда топтасып суретке түсуде. Сол күні 2022 көктем мерекесі тасымалының шымылдығы ресми түрде ашылды. Биылғы көктем мерекесі тасымалы 17 қаңтардан 25 ақпанға дейін, барлығы 40 күнге созылады.
Көктем мерекесі тасымалы деп ескіше күнтізбе бойынша қытайлық Жаңа жыл қарсаңында болатын мереке демалысында ауылына қайтқан немесе сыртқа шыққан жолаушыларды тасымалдауды білдіреді. Бұл кең ауқымды, жоғары көлік қысымының құбылысы саналады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online