Бірінші қысқы Паралимпиада ойындары қашан пайда болған?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қаңтар
Бірінші қысқы Паралимпиада ойындары қашан пайда болған?

24 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 4 наурызында Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындары ресми түрде ашылады. Бұл тарихтағы 13-інші қысқы Паралимпиада ойындары. Олай болса тұңғыш қысқы Паралимпиада ойындарының қашан пайда болғанын білесіз бе?

Қысқы Паралимпиада ойындары (Winter Paralympic Games) – мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысатын қысқы спорт түрінің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жараланған сарбаздар мен қарапайым адамдар қайтадан шаңғы тебуге оралды. Осыдан кейін мүмкіндігі шектеулі жандардың қысқы спорт түрлері біртіндеп дами түсті. Тарихта бірінші Қысқы Паралимпиада ойындары 1976 жылы Швецияның Орнсколдсвик қаласында өткен. Айтылмыш олимпиадаға 16 ел мен аймақтан келген 250 спортшы қатысқан екен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото