Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге жетті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қаңтар
Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге жетті

28 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстандық спортшылар жұма күні таңертең «Air Astana» арнайы рейсімен қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін «Шоуду» Бейжің халықаралық әуежайына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы рейспен конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық командалардың мүшелері келді.

Қазақстан делегациясы ПТР-тест пен төлқұжат бақылауынан өткеннен кейін Олимпиада қалашығына бет алды.

27 қаңтар күні Қазақстан делегациясы Нұр-Сұлтан – Алматы – Бейжің бағыты бойынша қысқы Олимпиада ойындарына ұшып шыққанын кеше жазған болатынбыз.

Қазақстандықтар ойынарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото