Әлемнің керамика астанасы Дэхуада өндірілген «Бин Дуньдунь» мен «Сюэ Жунжун»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 ақпан
Әлемнің керамика астанасы Дэхуада өндірілген «Бин Дуньдунь» мен «Сюэ Жунжун»

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Біраздан бері Бейжің қысқы Олимпиадасының бойтұмары «Бин ДуньДунь» қызу мәселеге айналды! Шектеулі шығарылымдағы алтын түсті «Бин ДуньДунь» интернетте танымал болып, атағы аспандады. Ақпараттарға сәйкес, «Бин ДуньДунь» мен қысқы паралимпиада бойтұмары «Сюэ Жунжунның» керамикалық нұсқалары «Қытай керамикасының ата жұрты» Фуцзянь, Цюаньчжоу, Дэхуа аудандарында шығарылған.

«Бин Дуньдунь» және «Сюэ Жунжун» туындыларының әрбір бөлігі Дэхуа керамика шеберлерінің қолымен жасалғаны белгілі. Тұмар шыққан кезде, Дэхуадағы керамикалық кәсіпорындар бірден үлгілерге келетін дизайн жасап, сапасы мен сыртқы түрі түпнұсқа дизайнға сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін ондаған мәрте үлгілер жасап, тексерулер жүргізді. Өндіріс процесінде керамика физикалық әсерлерге оңай ұшырайтындықтан, тұмарлардың басы мен аяғы қалыптау кезеңінде сынуға және жарылып кетуге бейім болады. Бірнеше сынақ пен зерделеудің арқасында керемика Олимпиада Комитетінің қарауынан сәтті өтіп, стандартталған өндіріске жол тартты.

Дэхуа - Қытайдағы үш ежелгі фарфор орындарының бірі әрі Дэхуа фарфорының күйдіру дағдылары мыңдаған жылдық тарихқа ие. Дехуа керамикасы Сун және Юань әулеттері кезінде-ақ «Теңіз Жібек жолында» маңызды экспорттық тауарға айналды. Бүгінгі таңда Дэхуа - Қытайдың батыс үлгісіндегі фарфор өндірісі мен экспортының ең ірі базасы. Сонымен қатар ол «Әлемнің керамика астанасы» болып табылады. Дэхуа фарфоры дүние жүзіндегі 190-нан астам елдер мен аймақтарда сатылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото