Қытай құрамасы фристайл-акробатикадан аралас команда бойынша күміс медальді жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 ақпан
Қытай құрамасы фристайл-акробатикадан аралас команда бойынша күміс медальді жеңіп алды

11 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 ақпан күні Чжанцзякоу жарыс аймағында Бейжің қысқы Олимпиадасының жаңа ойыны - фристайл-акробатикадан аралас командалық финалы өтті. Қытай құрамасының үш шабандозы Сюй Мэнтао, Цзя Цзунъян және Ци Гуанпу 324,22 ұпаймен күміс медальді қанжығаларына байлады.

Жалпы 338,34 ұпай жинаған АҚШ командасы бірінші орынды, 290,98 ұпаймен Канада құрамасы үшінші орынды иеленді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото