Фристайл шаңғымен сырғанаудың әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалында Қытай спортшысы Сюй Мэнтао жеңіске жетті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 ақпан
Фристайл шаңғымен сырғанаудың әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалында Қытай спортшысы Сюй Мэнтао жеңіске жетті

15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 14 ақпан күні кеште Бейжің 2022 қысқы Олимпиада ойындарының фристайл шаңғымен сырғанау бойынша әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалы Чжанцзякоудың Юньдин шаңғы саябағында өтті. Онда Қытай спортшысы Сюй Мэнтао чемпиондықты жеңіп алды. Бұл Қытай делегациясының осы қысқы Олимпиада ойындарында жеңіп алған бесінші алтын медальі болып табылады. Осылайша Қытай делегациясы алған алтын медальдар саны 2010 жылы Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарында орындалған тарихтағы ең жақсы рекордпен теңесті. Осыдан 12 жыл бұрын Қытай делегациясы Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарында 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді қоржындарына салған болатын.

Айта кетсек, кешегі жарыста Беларусь шабандозы Гушкова екінші орынды, ал АҚШ-тың шабандозы Ник үшінші орынға ие болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото