Олардың бойында олимпиада рухының нұры жарқырайды!

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 ақпан

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының жарыстары сәтті өтіп жатыр. Алаңдағы және алаңнан тыс әсерлі көріністер әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың «тезірек, жоғарырақ, күштірек – ынтымақтырақ» деген олимпиадалық ұранның жарқын түсіндірмесі болып табылады.

Әуелгі мақсатты ұмытпау

14 ақпан күні кеште фристайл шаңғымен сырғанау бойынша әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалында 4 мәрте қысқы олимпиадаға қатысқан қытайлық спортшы Сюй Мэнтао алтын медальді иеленді. Бұл Қытай құрамасы әйел спортшыларының қысқы Олимпиада ойындарында осы жарыстағы алтын медальдің ақтаңдақтарын толықтырды. Сюй Мэнтао 20 жылдық спорт жолында көптеген «әлем чемпиондарын» еншілесе де, бір «Олимпиада чемпионының» орны бос еді. Ол өмірдің теріскей тұстары мен сырқатына қарамастан, әуелгі мақсатын өзгерткен емес. Сюй Мэнтао: «спортты сүйгендігімнен табандылық еттім, арманым үшін төзімді болдым»-, дейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото