Қысқы Олимпиада кезінде тасымалдауға арналған пойыздардың техникалық тексерістерін кімдер жүргізіп отырады? (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 ақпан
Қысқы Олимпиада кезінде тасымалдауға арналған пойыздардың техникалық тексерістерін кімдер жүргізіп отырады?

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің-Чжанцзякоу жүрдек темір жолы Бейжің мен Чжанцзякоудың үш жарыс аймағын байланыстыратын темір жол тасымалы міндетін өз мойнына алып, қысқы Олимпиада ойындарының тасымалдау қызметтеріне күшті көлік кепілдігін қамтамасыз етіп жатыр. Бейжің Солтүстік теміржол вокзалы негізінен Бейжің-Чжанцзякоу жүрдек пойыздарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарымен айналысады. Олардың ішінде Олимпиадаға қатысы бар 5 жүрдек пойыз тобы Бейжіңнен қысқы Олимпиада ойындары аймағындағы 40-қа жуық пойыз линиясы тасымалдау міндеттерін атқаруда. Әр күні түн ортасында жұмысшылар пойызды жан-жақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады, олар қысқы Олимпиада пойызының қауіпсіз әрі сапалы жолға шығуына бар күш-жігерін салып отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото