Сегізінші алтын! Гу Айлин Бейжің қысқы Олимпиадасындағы үшінші медальді қанжығасына байлады (7)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 ақпан
Сегізінші алтын! Гу Айлин Бейжің қысқы Олимпиадасындағы үшінші медальді қанжығасына байлады

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қаңтар Чжанцзякоу Юндин шаңғы саябағында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдың U-тәрізді далалық шеберлік бойынша әйелдер арасында финал өтті. Жарыста Қытай құрамасының ойыншысы Гу Айлин алтын медаль еншіледі. Канада командасының өкілі ШАРП Кэсси күміс медальді жеңіп алды. Ал қола жүлде канадалық Каркер Рэйчелге бйырды.

Бүгінгі жарыста Гу Айлин бірінші айналымда 93,25 ұпай жинап, бірінші орынды иеленсе, екінші айналымда тамаша ойынын жалғастырып, 95,25 ұпаймен тағы да бірінші орынды сақтап қалды. Осылайша спортшы үшінші раундқа секірмей жатып алтын медальға жетті. Гу Айлин Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын 2 алтын және 1 күміспен аяқтады. Бұл Қытай делегациясының биылғы қысқы Олимпиададағы сегізінші алтын медалі.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 8 ақпанында Гу Айлин 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының әйелдер арасындағы еркін шаңғы бойынша тұғырдан секіру жарысында алтын медаль жеңіп алған еді. Ізінше 15 ақпанда әйелдер арасындағы еркін шаңғы трассасынан кедергілерден өту бойынша күміс медаль иеленді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото