Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындары салтанатпен жабылды (13)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 ақпан
Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындары салтанатпен жабылды

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2008 жылы ғасырлық Олимпиада арманы орындалғаннан 2022 жылы Олимпиадамен қайта қауышқанға дейін Бейжің тарихтағы алғашқы «Қос Олимпиада қаласы» атанды.

91 ел мен аймақтан келген 3000-ға жуық спортшы тынбай тер төгіп, биік нәтижелерге қол жеткізді. Спорт майталмандары 2 әлемдік рекорд пен 17 қысқы Олимпиада рекордын жаңартып, «Анағұрлым тез, анағұрлым жоғары, анағұрлым қуатты, анағұрлым ынтымақты» олимпиадалық рухты дәлелдеді.

Қытай індеттің қыспағын жеңе отырып, қысқы Олимпиада ойындарын қарапайым, қауіпсіз және қызықты өткізуге көп күш салды. Жоғары сапалы жарыс орындары мен нысандар және тамаша ұйымдастырушылық қызмет Олимпиадалық отбасы мен халықаралық қауымдастықтың кең ілтипатына ие болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото