Әлемдегі алғашқы LNG қос жанар затты ірі шикі мұнай тасымалдаушы кеме «Юань Руйян» ресми түрде жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 наурыз
Әлемдегі алғашқы LNG қос жанар затты ірі шикі мұнай тасымалдаушы кеме «Юань Руйян» ресми түрде жеткізілді

2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- COSCO SHIPPING Energy компаниясының «Юань Руйян» кемесін тапсыру рәсімі 28 ақпанда Ляонин өлкесінің Далянь қаласында өтті. Бұл Қытай кеме жасау корпорациясының басқаруындағы DSIC-тың COSCO SHIPPING үшін салған әлемдегі алғашқы LNG (сұйытылған табиғи газ) қос жанар заттық (жанар зат және газ) қозғалтқышы бар шикі мұнай тасымалдайтын кемені сәтті тапсырғанын білдіреді.

«Юань руйян» кемесі жалпы ұзындығы 333 метр, ені 60 метр, тереңдігі 30,5 метр етіп жобаланған. Негізгі жанар затқа сұйытылған табиғи газды пайдаланады.

DSIC жаһандық энергия трансформациясы аясында COSCO SHIPPING Energy компаниясымен селбесе отырып, LNG-ды аса ірі шикі мұнай кемелерінде негізгі жанар зат ретінде қолдануға ықпал еткенін мәлімдеді. Бұл үлкен кемелер энергияны үнемдеуде және шығарындыларды азайтуда оң көрсетілімге және жетекші рөлге ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото