Ганьсу өлкесі Линьзе ауданы: Құмды тежеу жобасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 наурыз
Ганьсу өлкесі Линьзе ауданы: Құмды тежеу жобасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 28 ақпанында Ганьсу өлкесінің Линьзэ ауданындағы шөл аймақта жұмысшылар құмды бөгеу торларының арасына бидай егіп жатыр.

Линьзе ауданы Бадайн-Жаран шөлінің шетінде орналасқан және Гоби шөлі ауданның жалпы аумағының үштен екісінен астамын құрайды. Көп жылдардан бері аудан құмның алдын алып, бөгет жасауда табандылық танытып келеді. Қуатты экологиялық қауіпсіздік тосқауылын құрып, шылан, жүзім және цистанхе сияқты жеміс орманын отырғызды. Ол ауылдағылардың кірісін арттырып, ауыл-қыстақтың жандануына ықпал етті.

Мәліметтерге сәйкес, биылғы жылы Линьзе ауданындағы құмды тізгіндеу аумағы шамамен 10 000 муды құрайды екен. Қазіргі уақытта құмды бөгеу торының 90%-ы тартылып, осы торлардың ішіне қызыл тал, галоксилон сияқты құмға төзімді көшеттер отырғызылады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото