Си Цзиньпин: Қытай ұлты қауымдастық санасының идеологиялық негізін нығайтуды жалғастырайық (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 наурыз
Си Цзиньпин: Қытай ұлты қауымдастық санасының идеологиялық негізін нығайтуды жалғастырайық

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери кеңес Төрағасы Си Цзиньпин 5 наурызда түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясы Ішкі Моңғол автономиялық регионы (бұдан әрі Ішкі Моңғол) делегациясының талқылау отырысына қатысқан кезде, былай деп баса айтты: «Ұлттық бірлік – еліміздегі барлық этностардың өмірлік тірегі, ал Қытай ұлты қауымдастық санасы – ұлттық бірліктің негізі. Біз Қытай ұлтының қауымдастық санасын орнатудың негізгі бағытын берік ұстанып, ұлттық бірлікті ілгерілету тәрбиесін тереңдетуіміз керек. Барлық этностардың халқына қуаныш пен қайғыда, даңқ пен намыста, өлім мен өмірде, тағдыр-талайында бірге болу туралы қауымдық ұғымды берік орнатып, ортақ жұңхуа ұлттық санасының идеологиялық негізін ұдайы нығайтып отыру арқылы Жұңхуа ұлтының үлкен әулетіндегі әрбір этнос анар дәніндей тығыз ұйымдасып, ұлы Отанды бірге құрып, көркем болашаққа бірге талпынуына ықпал ету керек. Тұрақты және салауатты экономикалық, бейбіт өркендеген әлеуметтік, таза және түзу саяси ортаны құрып, Партияның жиырмасыншы құрылтайын жеңіспен қарсы алуымыз керек.

Ішкі Моңғол делегациясы үкімет жұмысы есебін қарап, қызу талқылады. Талқылау барысында Ішкі Моңғолдан жеті өкіл сөз сөйледі. Си Цзиньпин делегаттармен пікірлесті және естелік алып отырды.

Барлығының сөзін мұқият тыңдаған Си Цзиньпин сөз сөйлеп, алдымен үкімет жұмысының есебін мақұлдап, Ішкі Моңғолдың өткен жылғы жұмысын қуаттады. Ішкі Моңғолдағы жолдастардың партия орталық комитетінің шешімдері мен шараларын табанды түрде жүзеге асырып, індеттің алдын алу жұмыстарын бақылау, экономикалық және әлеуметтік даму, экология мен жасыл дамуға бұлжытпай басымдық беру, ұлттық экологиялық қауіпсіздікті, энергетикалық қауіпсіздікті, азық-түлік қауіпсіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау сияқты негізгі саяси жауапкершіліктерді шынайы орындау, Қытай ұлтының қауымдастық санасын үздіксіз дамыту, партияны жан-жақты және қатаң басқаруды одан әрі ілгерілету, Отанның солтүстік шекарасын анағұрлым гүлдендіру туралы сындарлы міндеттерді жеткізді.

Си Цзиньпин: «Еліміз біртұтас көп ұлтты ел, егер барлық этностардың бірлігі мен ынтымағы жарасса, ел өркендеп, қоғам тұрақталып, халық бақытты болады, ал керісінше болса ел құлдырап, қоғам да азады, халық зардап шегеді. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жаңа дәуірдегі партияның ұлттық міндетінің негізгі бағыты - Жұңхуа ұлтының ұлы бірлігін қалыптастыру. Бұл жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуі туралы Қытай арманын жүзеге асыру мақсатында қабылданған маңызды шешім, сонымен қатар тарихи тәжірибе мен күнделікті дағдының терең тұжырымдалуынан жасалған маңызды қорытынды», - деді.

Си Цзиньпин Ішкі Моңғолдың бүгіні барлық ұлт өкілдерінің ортақ күресінің жемісі екенін, Ішкі Моңғолияның болашағы әлі де барлық ұлт халқының бірлігі мен қажыр-қайратын қажет ететінін баса айтты.

Си Цзиньпин: «Ішкі Моңғол шекаралық этникалық аймақ болып табылады және этникалық бірлік пен шекаралық тыныштықты сақтау үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Көрегендікті арттырып, ұлттық сананы күшейтіп, стратегиялық ойлауды жетілдіріп, этникалық жұмыс саласындағы түрлі тәуекелдер мен жасырын қауіп-қатерлердің алдын алып, Отанымыздың солтүстік шекарасындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты тиімді сақтауымыз қажет», - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото