Си Цзиньпин: Қытай өз күшіне сүйеніп, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек!

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 наурыз
Си Цзиньпин: Қытай өз күшіне сүйеніп, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек!

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың егістік жерлері дүние жүзінің жалпы көлемінің 9%-ын ғана құрайды, бірақ ол әлем халқының 20%-ға жуығын тамақтандыруы керек. Бұл ҚКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери комитеттің Төрағасы Си Цзиньпиннің де назарындағы басты мәселе. Бұл туралы мемлекет Төрағасы әртүрлі орындарда талай рет айтқан болатын.

6 наурызда Си Цзиньпин Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Ұлттық комитетінің сессиясына қатысқан ауыл шаруашылығы, әлеуметтік жеңілдік және әлеуметтік қамсыздандыру саласының өкілдеріне амандаса барған кезде, бұл сұраққа тағы да жауап берді: «Қытай өз күшіне сүйеніп, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек!».

Си Цзиньпин: «Мәселені шешу үшін халықаралық нарыққа сүйенеміз деп үміттену жарамайды, әсіресе <еккеннен сатып алған қолайлы> деуге болмайды. Айтуға оңай болғанымен соя, жүгері немесе мақтаны қазір өзіміз екпесек, күні ертең халықаралық нарық көрсеткіші өзгерсе, өзіміздің қайтадан егуіміз оңай болмайды! Әрі төрт-бес жылсыз нарыққа шыға аламыз ба?»,- деді.

Халықаралық азық-түлік нарығында үнемі тұрақтылық бола бермейді. Әсіресе COVID-19 індеті басталғаннан бері азық-түлік дағдарысы оқтын-оқтын жаһандық деңгейдегі қоғамдық пікірдің назарында.

Азық-түлік қауіпсіздігі Қытайдағы 1,4 миллиардтан астам адамның күнделікті ішер асына қатысты. Си Цзиньпин «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде босаңсу болмауы керек» деп жиі ескертіп келеді.

«Еліміздің әлеуметтік тұрақтылық пен жан тыныштығына қол жеткізуінің өте маңызды бір себебі - біздің қолымызда астық бар, көңіліміз тоқ», - деді Си Цзиньпин.

Си Цзиньпин егістік жердің азық-түлік өндірісінің күре тамыры және Қытай халқының тұрақты дамуының негізі екенін баса айтты.

Си Цзиньпин: «Егістік жер – тек қана егістік жер болуы керек, оның үстіне құнарлы жер болуы тиіс. Егістік жерлерді қорғауда ешкімге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді»,- деді.

120 миллион гектар егістік жер – еліміздің тағдырына жауап беретін қызыл сызық және қауіпсіздік сызығы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото