- Барлық ақпарат
Бейжіңде мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысының бесінші сессиясы аяқталды (2)
11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысының бесінші сессиясы 11-і наурыз күні таңертең Бейжіңдегі халық құрылтайы сарайында жабылды. Сессия үкімет жұмысының есебін және мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысы тұрақты комитетінің жұмыс есебін бекітті. Сессия жергілікті халық құрылтайлары мен барлық деңгейдегі жергілікті халық үкіметтерінің органикалық заңдарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады, мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин № 110 Төраға жарлығына қол қойып, оны жариялады. Құрылтай мемлекеттік XIV Халық Құрылтайы жиналысы өкілдерінің саны мен сайлау туралы, Сянган арнайы әкімшілік регионындағы мемлекеттік XIV Халық Құрылтайы жиналысы өкілдерін сайлау шаралары туралы және Аомэнь арнайы әкімшілік регионындағы мемлекеттік XIV Халық Құрылтайы жиналысы өкілдерін сайлау шаралары туралы шешім қабылдады.
people.cn © People's Daily Online