Еліміздегі ең үлкен ішкі тұщы су көлінде тамаша көрініс қалыптасты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 наурыз

 

17 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Осыдан бірнеше күн бұрын Шыңжаңның Байынғұлин Моңғол автономиялық облысындағы қыс бойы сіресіп қатып жатқан Бостен көлінің беті еріп, көлдегі мұз кесектері тамаша көрініс қалыптастырды. Әуеден қарасақ көк мұз беті мен жағадағы сары қамыс бір-біріне жарасып, бейне майлы бояу суретіндей әсер береді.

Бостен көлі Шыңжаңдағы Байынғұлин Моңғол автономиялық облысында орналасқан. Бұл Қытайдағы ең үлкен ішкі тұщы су көлі және Шыңжаңдағы ең ірі балық өндірісінің базасы.

Әр түрлі жарық әсерінен көк мұз түрліше түске енеді. Бұлтты күндері көгілдір мұз ашық көк түске боялады, шуақты күндері көгілдір түске енеді, ал күн шыққанда ашық жасыл немесе судың реңіне ұқсайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото