Қытай Такламакан шөлінде айналма теміржол салады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 наурыз
Қытай Такламакан шөлінде айналма теміржол салады

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында әлемдегі алғашқы шөлді айналма теміржол Хотан-Черчен темржолы бір жолда-ақ динамикалық қабылдаудан (Dynamic Acceptance)өтті.

Такламакан шөлі әлемдегі екінші үлкен көшпелі шөл және «Барса келмес» деген атымен танымал. Хотан-Черчен теміржолы шөлдің оңтүстік шетінде орналасқан. Ол оңтүстік Шыңжаң теміржолының Хотан станциясынан басталып, Хотан, Лоп, Чыра және басқа да жерлерді басып өтеді. Соңында қазіргі қолданыстағы Цинхай өлкесіндегі Голмуд қаласы мен Шыңжаңдағы Корла қаласын тұтастыратын Голмуд-Корла теміржолы, Қашқар-Хотан теміржолы және Оңтүстік Шыңжаң теміржолымен бірігіп Такламакан шөлін айналып өтетін сақина тәріздес теміржолды құрайды. Бұл 2020 жылы солтүстік Шыңжаң тұйық теміржолы салынғаннан кейінгі Шыңжаңдағы тағы бір тұйық теміржол болып табылады.

Темір жол ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото