Әлемде жойылып кету қаупі төнген көк бас үйректің саны Қытайда көбейіп келеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 наурыз
Әлемде жойылып кету қаупі төнген көк бас үйректің саны Қытайда көбейіп келеді

30 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көк бас үйрек дүние жүзінде жойылып кету қаупі төнген құс болып табылады. 28 наурыз күні, 50-ден астам көк бас үйрек Хэйлунцзян өлкесінің Цицикар қаласындағы Байняо көліне келді. Байняо көлінде бір уақытта 50-ден астам жойылып кету қаупі төнген - көк бас үйректің жүзіп жүруі оңай емес. Осы көлдің ғылыми-зерттеу қызметкерлерінің таныстыруынша, 2021 жылдың наурыз айының соңында 20-дан астам көк бас үйректер осы маңайға ауып келген екен, қазір көбейіп саны 50-ден асыпты. Бұл мұндағы экологиялық жағдайдың құстардың өсіп-өнуіне өте ыңғайлы екенін білдіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото