Түмен тибет бөкендері қоныс жаңалады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 наурыз

 

31 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Тибеттің Али аймағында 10 000-ға жуық тибет бөкендері үйірімен мекен жаңалады. Мұндай көрініс соңғы жылдары өте сирек кездеседі. Мәліметтерге сәйкес, Тибет бөкені негізінен Цинхай-Тибет үстіртінде таралған ұлттық бірінші дәрежеде қорғалатын жануар. Олар әр жылы жаз маусымында тұрақты жолмен солтүстікке қарай қоныс аударып, төлдегеннен кейін мекеніне қайта оралады.

Қытай Коммунистік партиясының 18-інші ұлттық құрылтайынан (2012) бастап, Қытайдың жердегі экожүйе түрлерінің 90%-ы және негізгі жабайы жануарлар мен өсімдіктер популяциясының 85%-ы тиімді және дұрыс қорғалды. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан кейбір жабайы популяциялар біртіндеп көбейіп келеді. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин адамның табиғи орта мен жабайы жануарлар қарым-қатынасына үлкен мән беріп келеді.

Соңғы жылдары Тибеттің Али аймағының орман және шөп шаруашылығы бюросы жабайы жануарларды қорғауды үздіксіз күшейтті, патрульдік бақылауды және жабайы жануарлар мен өсімдіктер ресурстарын бүлдіру жағдайларын тергеу мен жазалауды қатаңдатты, заңсыз браконьерлікке қарсы шараларды жауапкершілікпен жүргізді. Осының арқасында Али аймағында жабайы жануарлардың саны жылдан жылға көбейіп, бұл ара жабайы жануарлардың жәннат мекеніне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото