Ханчжоудағы Азия ойындары мен Азия Паралимпиада ойындарын өткізуге арналған жарыс алаңдары аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 сәуір
Ханчжоудағы Азия ойындары мен Азия Паралимпиада ойындарын өткізуге арналған жарыс алаңдары аяқталды
Шаосин Кэцяо Яншан жартасқа өрмелеу орталығы

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 31 наурызда Шаосин бейсбол (софтбол) спорттық мәдениет орталығы мен Шаосиң Кэцяо Яншань жартасқа өрмелеу базасы іс-шара функциясын қабылдаудан өтті. Қазірге дейін, 5 жылға жуық құрылыстан кейін Ханчжоудағы 2022 жылғы Азия ойындары мен Азия Паралимпиада ойындарына арналған 56 жарыс алаңы толығымен аяқталып, іс-шара функцияларын жан-жақты қабылдаудан өтті.

Ханчжоудағы Азия ойындары мен Азия Паралимпиада ойындарын өткізу үшін барлығы 56 жарыс алаңы салынды. Олар «Ханчжоуды негіз ету, бүкіл провинциямен бөлісу» принципіне сүйене отырып, Ханчжоу, Нинбо, Вэнчжоу, Цзиньхуа, Шаосин және Хучжоу сияқты қалаларда орналасты. Оның ішінде 12 жаңа нысан, ал 26 жөндеуден өткен, 9 қайта салынған және 9 уақытша нысан бар. Сондай-ақ 31 оқу-жаттығу алаңы, 1 Азия ойындары ауылы және 4 Азиада қосымша ауылы (спортшылар қосымша ауылы) бар. Нысандардың құрылысы жарыс талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін «Жасыл, ақылды, үнемді және өркениетті» ұйымдастыру тұжырымдамасын ұстанады, Азия ойындары нысандарын салуда «Ханчжоу үлгісін» қалыптастырып, қала құрылысына ықпал етуге, қаланың келбетін көрсетіп, халыққа қызмет көрсетуге ұмтылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото