Си Цзиньпин: Астық тұқымын өз қолымызда мықтап ұстағанда ғана біздің ыдысымыз дәнге толы болады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 сәуір
Си Цзиньпин: Астық тұқымын өз қолымызда мықтап ұстағанда ғана біздің ыдысымыз дәнге толы болады

11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 10 сәуір күні түстен кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Хайнань өлкесінің Санья қаласындағы Ячжоу шығанағы тұқым зертханасын тексерген кезде, тұқымдар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кілті екенін баса айтты. «Астық тұқымын өз қолымызда мықтап ұстағанда ғана біздің ыдысымыз дәнге толып, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізе аламыз. Тұқым көздері тәуелсіз және бақыланатындай, ал тұқым өнеркәсібінің технологиясы өз күшіне сүйне алатын болуы керек. Бұл стратегиялық маңызды шаруа. Юань Лонпин сияқты аға буын ғылыми-технологиялық қызметкерлердің рухын насихаттап, осы үлкен шаруаның жолында ұзақ уақыт бойы табанды еңбек ету керек», - деді мемлекет Төрағасы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото