CZ-7 Яо-5 зымыран тасығышы Вэньчан ғарыштық ұшыру алаңына жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 сәуір
CZ-7 Яо-5 зымыран тасығышы Вэньчан ғарыштық ұшыру алаңына жеткізілді

12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ғарыштық инженерлік кеңсесінің мәліметі бойынша, «Тяньчжоу-4» жүк ғарыш кемесін ұшыру міндетін атқаратын CZ-7 Яо-5 зымыран тасығышының зауыттан шыққанға дейінгі барлық зерттеу және дайындау жұмыстары аяқталып, 2022 жылдың 11 сәуірінде аман-есен Вэньчандағы ғарыштық ұшыру алаңына жеткізілді. Осыдан кейін CZ-7 Яо-5 зымыран тасығышы мен осындағы «Тяньчжоу-4» жүк ғарыш кемесіне жоспар бойынша ұшыру алаңы аймағында соңғы құрастыру мен сынақ жұмыстарын жүргізеді.

Қазіргі уақытта ұшыру алаңының қондырғылары мен жабдықтары ойдағыдай, сынаққа қатысатын жүйелер белгіленген тәртіппен түрлі тапсырмаларды орындауға дайындалуда. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото