Си Цзиньпин: Озық ұшыру алаңын салуға құлшынайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 сәуір
Си Цзиньпин: Озық ұшыру алаңын салуға құлшынайық

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Хайнань өлкесіндегі Вэньчан ұшыру алаңын тексеру барысында әлемдік деңгейдегі ғарыш алаңын салуға жұмылуды талап етті.

Си Цзиньпин атап көрсеткендей, әлемдік аэроғарыш дамуының басым бағыты мен елдің әуе-ғарыш өнеркәсібінің негізгі стратегиялық қажеттіліктерін ұстанып, миссия жауапкершілігін күшейтіп, жаңалық пен серпіліс жасауда батыл болып, заманауи ғарыштық ұшыру мүмкіндіктерін жан-жақты жетілдіру қажет.

Си Цзиньпин ұшыру алаңының негізгі жағдайы, тапсырмалардың орындалу барысы және болашақтағы даму жоспары туралы баяндаманы тыңдап, ұшыру мұнарасы сияқты қондырғылар мен жабдықтарды тексеріп, олардың жетістіктерін бағалады.

Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: «Вэньчан ғарыштық ұшыру алаңы - еліміздің жаңа буын ілгерлетіп жатқан зымыран тасығыштарының ұшыру алаңы, еліміздің ғарыш кеңістігін терең игерудегі маңызды плацдарм. Ол еліміздің аэроғарыш жүйесінде ерекше маңызды рөлге ие.

Төраға Си Цзиньпин атап көрсеткендей, белгіленген орналастыруға сәйкес, еліміз ғарыш стансасының құрылысын биыл аяқтап, Тяньчжоу-4, 5 нөмірлі жүк кемелері мен Вэньтян және Мэнтянь эксперименттік модульдері Вэньчан ғарыштық ұшыру алаңынан ұшырылатын болады. Сәтті ұшыру миссиясын қамтамасыз ету үшін мұқият дайындалып, мұқият ұйымдастырып және мұқият орындау қажет.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото