Гуанси, Тяньдон: ауылды жандандыруға көмектесу үшін тақыр беткейлерге фотоэлектрлік панельдер орнатылды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 сәуір
Гуанси, Тяньдон: ауылды жандандыруға көмектесу үшін тақыр беткейлерге фотоэлектрлік панельдер орнатылды

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Гуанси өлкесінің Байсе қаласы, Тяньдон ауданы, Цзянчэн қалашығындағы тақыр беткейлеріндегі көк түсті фотоэлектрлік панельдер қатары сатылы атыз сынды пішін қалыптастырып, күн сәулесінің астында жарқырап, күн энергиясын электр энергиясына үздіксіз айналдыруда.

Мәліметтерге сәйкес, бұл Тяньдон ауданы Цзянчэн қалашығындағы 100 мегаватт фотоэлектрлік энергиясын өндіру жобасы. Жоба шамамен 200 гектар аумақты қамтып, жалпы инвестициясы 570 миллион юаньды құрайды. Ол Гуансидегі негізгі жобалардың тізіміне енгізілген және үстіміздегі жылдың сәуір айының соңына дейін электр энергиясын өндіруге арналған желіге қосылады деп жоспарлануда. Жоба аяқталғаннан кейін бұл электр желісіне жыл сайын 171 миллион кВт/сағ таза электр энергиясын беріп, 53 900 тонна стандартты көмірді үнемдей алады.

Соңғы жылдары Тяньдон ауданы жаңа энергетикалық жобалар үшін әртүрлі капиталдарды инвестиция салуға белсенді түрде тартуда: «жел (жел энергиясын өндіру), күн нұры (фотоэлектрлік қуат өндіру) және көлік (жаңа энергия көліктері)» құрылысының тұрақты түрде қанат жаюы жасыл және таза энергетика салаларын дамытуға, ауылды жандандыруға ұтымды сәйкесіп отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото