Шаньдун, Жунчэн: 5G желісімен бақылау платформасы арқылы жабайы құстарды тәулік бойы тексеру және қорғау жүзеге асырылды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 сәуір
Шаньдун, Жунчэн:  5G желісімен бақылау платформасы арқылы жабайы құстарды тәулік бойы тексеру және қорғау жүзеге асырылды

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 19 сәуірінде Шаньдун өлкесі, Жунчэн қаласы, Хаойуньцзяо туристік курортының Хайлу аралындағы кең алқапта жабайы рапс гүлдеп, қара құйрықты шағалалар жиналып, ерекше көрініс қалыптасты.

Жыл сайын наурыз айының аяғынан сәуірдің басына дейін Шаньдун өлкесінің Жунчэн қаласындағы Хайлу аралына он мыңдаған қарақұйрықты шағалалар мен ұлттық бірінші дәрежелі қорғауға алынған мыңға жуық сары тұмсықтар келіп ұрпақ өрбітеді.

Шаньдун өлкесінің Жунчэн қаласындағы Чэншантоу өлкелік дәрежелі табиғи қорық қызметкерлері инфрақызыл электрондық жабдықты орнату және 5G желісімен бақылау платформасын пайдалану арқылы Хайлу аралы мен оның маңындағы сулы алқапты жан-жақты және барлық ауа райы жағдайында толық бақылай алады. Сол сияқты жағалаудағы полициямен және балық шаруашылығының құқық қорғау бөлімдерімен үнемі ынтымақтасып, аралдағы әртүрлі жабайы құстарды қорғауға және олардың тіршілік етуі мен көбеюі үшін қолайлы экологиялық ортаны сақтауға кепілдік етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото